Әдеби жұмбақтар

Отыз екі тас қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.
Қызыл сөз бен асты ойлап,
Сумаң қызыл тынбайды.

Жауабы

Жарыссаң сенен озбайды,
Бауырын жерден жазбайды.
Жүрген кезде: «Тр-тр», – деп,
Атын айта жаздайды.

Жауабы

Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал, кім біледі?

Жауабы

Күн суытып, қар түссе,
Үстін бассаң, батпайсың.
Жаз кезінде, тал түсте
Іздесең де, таппайсың.

Жауабы

Еленбейді көбінде,
Босағада тұрады.
Қиқым жатса төрінде,
Ұнатпайды, қуады.

Жауабы

Суды жақсы көреді,
Одан шықса өледі.

Жауабы

Атқаратын
Әжептәуір ісі бар,
Ауызы жоқ, тісі бар.

Жауабы

Ұрлап ішіп,
Үйде сүтті қоймайды,
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.

Жауабы

Кереуеттің тұсына ілген,
Айнымайды түсі гүлден.
Үйдің ішін жайнатады.
Қадірін тек кісі білген.

Жауабы

Темір қайшы – қос қайшы,
Шығыршықсыз бос қайшы.
Еңбеккерге дос қайшы,
Еріншекке қас қайшы.
Өтпейді бір бос күні,
Ол? –

Жауабы

Бір-бірімен қорап-үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.

Жауабы

Үй ішінде
Отыз екі батыр.
Кіргендерді
Отап, турап жатыр.

Жауабы

Аяғы бар, өздігінен жүрмейді,
Жүру үшін біреу келіп сүйрейді.

Жауабы

Жерде жүрер жөні жоқ,
Судан басқа жолы жоқ.

Жауабы

Жүреді мұхиттарда,
Балық деме.
Жаны бар,
Сияқты бір алып кеме.

Жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10