Әдеби жұмбақтар

Жетісу мен Арқаның арасында,
Сынаптай көлбеген көл жағасында.
Орналасқан қаланың есімі де
Көл аттас, ойлансаң, сен, табасың да?

Жауабы

Алаудай туымыздың түсіменен
Есімін бұл қаланың мүсіндеген.
Күрішті, ырысты деп және айтамыз,
Ұл-қызы атына дақ түсірмеген.

Жауабы

Есімінде екі сөз бірігіпті,
Балалар бірін ұқпай, бірін ұқты.
Ақпанда Арқа жақтан барған кісі
Бұл қала тұрған маңда жылыныпты.

Жауабы

Аты да көк,
Заты да көк.

Жауабы

Өзі бел астында,
Көзі жер астында.

Жауабы

Жер-дүниені аралайды,
Жел, дауылды қаламайды.
Тұрақты бір тұрағы жоқ,
Тауға ғана паналайды.

Жауабы

Төрт аяқты чемодан,
Мүйізі бар қадаған
Естімейді, сөйлейді,
Ішіндегі көп адам.

Жауабы

Мінезі ашық данадай,
Пейілі кең анадай.
Оған барлық тіршілік
Еркелейді баладай.

Жауабы

Бет-аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді.

Жауабы

Өзімнен өзгенің бәрін көрем.

Жауабы

Атамның сапсыз орағы
Ілулі көкте жоғары.

Үш-төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.

Жауабы

Суға батпайды,
Отқа жанбайды.

Жауабы

Инесі жоқ, жібі жоқ,
Өрмегі жоқ, тіні жоқ.
Бірақ шілтер тоқиды.

Жауабы

Түсі қызыл қан екен,
Тәттілігі бал екен.
Қызыл, қара ішінде
Қыруар тас бар екен.

Жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10