Әдеби жұмбақтар

Нұры салқын,
Өзі жарық,
Шалқалап жүзген қайық.

Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.

Жауабы

Бойын көрсең, теректей,
Ішін көрсең, кеуектей.
Желпілдеген үкісі
Найзадағы желектей.

Жауабы

Қабат-қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.

Жауабы

Тақтаны «досым» дейді,
Өзін сол досы «жейді».

Жауабы

Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,
Қашады басқан ізі білінбестен.

Жауабы

Білмейді кет дегенді, адасқанды,
Жаныңа жақсы көрер жанасқанды.
Үнсіз-ақ ғайып болар табан асты,
Тоқымдай бұлт шалса қара аспанды.

Жауабы

Таудан төмен қар жауар,
Қозғай берсең, көп жауар.

Жауабы

Тұратұғын әр үйде,
Жайлы орын сәбиге,
Шаңғы табан үйшік ол,
Тербететін, әрине.

Жауабы

Қорқа ма әлде, жарықтан ол қашады,
Әдеті бар паналайтын тасаны.

Жауабы

Екі аяқты, бір ізді
Үстіне мені мінгізді,
Мінгізгенмен, ол менің
Аяғымды жүргізді.

Жауабы

Жүрген сайын жүйрігім
Қысқартады құйрығын.

Жауабы

Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.

Жауабы

Қауаққа да ұқсаған,
Алмұртқа да ұқсаған,
Аузы бар, тілі бар,
Білер көріп, ұстаған.

Жауабы

Ойдың аяқталуын күтпейді,
Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

Жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10