Сөйлей алатын құс

   Жануарлардың ішіндегі ең ақылды құс. Дене тұрқы 9,5 см – 1 м. Қауырсындары ашық қанық (жасыл, оның қызыл және көк түстермен үйлесімі, кейде қара немесе сұр) түсті болады. Мойны қысқа, басы үлкен, тұмсығы мықты, қатты жемісті жара алады. Ең кішкентай тоқылдақ тәрізді тотылардың дене тұрқы 8 см, ең үлкен нағыз тотылардың дене тұрқы 1 метр. Жалпы ұрғашыларына қарағанда еркек тотылар ірі болады. Қасиеті: Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алады. Есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Адамнан естіген сөздердің мағынасын түсінбесе де қайталайды. Айрықша жақсы тырмаланушы құс. Алдыңғы саусақтарының жіліншіктері қысқа әрі мықты, аяғының 2, 3-саусақтары алға және 1, 4-саусақтары артқа қараған. Тырмаланып шыққанда тұмсықтарын да үшінші аяқ ретінде қолданады. Жылдам ұшады, араларында ұшпайтын түрлері да бар.  Мекендейтін жерлері: Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ұяларымызды ағаш қуысына, жартастардың жарықтарына салады. Тотытәрізділер қолға тез үйренеді, сондықтан оларды көп жағдайда экзотикалық құс ретінде үйде, торда ұстайды.  Өмір жасы:Ұзақ ғұмырға ие тотықұстардың өмірі кейде 50-60 жылға, кейде 100 жасқа да созылады. Қолда өсіргенде 50, кейде 80 жылдай өмір сүреді. Қорегі: Бүршік, гүл, жеміс және дәндермен қоректенеді. Етпен қоректенетін бірнеше тотылар да бар. Аяқтарын қол сияқты еркін қозғалтып, қатты жаңғақтарды аяғымен мықтап ұстап тұмсығымен жарады. Тотықұстар жойылып барады. Әлемде тотықұстардың 350-ден аса түрі кездеседі. Бірақ қазіргі таңда олардың үштен бірі жоғалу қаупінде тұр.

 ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР « Ең көп таралған үй тоты құсы – бұйра тоты құс пен корелла. « Кеа — қойларға шабуыл жасайтын жыртқыш тотықұс. « Австралияда тотықұстарға арналған арнайы мектеп бар. Онда құстарды сөйлеуге үйретеді. « Тотықұстар арасындағы әлемдегі ең үлкен тұмсық иесі – қара какаду. Тұмсығының ұзындығы – 10 сантиметр. «Какаду» сөзі "какатуа" деген малай тілінен енген. "Какатуа"- "тістеуік" деген мағынаны білдіреді. « Америкада Бейби есімді тотықұс полиция қызметкеріне көмек көрсеткен. Белгілі бір бизнесменннің пәтеріне басып кіріп, тонап кеткен кезде оқиға орнында болған тотықұс полиция қызметкерлерінің көзінше ұрлықшы қылмыскерлердің бірінің есімін атап берген.