Әдеби жұмбақтар

Борп-борп борпылдақ,

Борпылдақта қызыл тақ.

Қызыл тақта үш тармақ,

Үш тармақта шұқыршақ,

Шұқыршақта бал қаймақ,

Балқаймақта сұр жайдақ,

Сұр жайдақта сері бойдақ.

Жауабы

Он екі бием бар еді, алтауы буаз,

Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,

Екеуі күн қақты.

Жауабы

Елқорғайтын ерліке

Әуенімен шақырған.

Батылдыққа, елдікке

Әуенімен шақырған.

Жауабы

Торы тай,

Табанында төрт ай.

Жауабы

От ішінде үш таяқ,

Үшеуі де күшті аяқ.

Ортасында ілгегі.

Ілгегінде ілгені.

Жауабы

Темір аяқты,

Ағаш таяқты.

Жауабы

Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті-ақ.

Жауабы

Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан жағыңа қарамай?

Адина Қуанышева (Атырау қаласы, 13 жаста)

Жауабы

Шаңырақ – күн,
Уықтары-нұр,шашқан.
Екі пырақ, көк аспанға ұласқан.
Жарқырайды темірқазық жұлдызы,
Жол көрсетіп, алға бас-деп, Қазақстан!

Жауабы

Ыстық дейді оны оттан,
Патриот оны ұнатқан.
Оңбайды бұл өмірде,
Адам оны жоғалтқан.

Жауабы

Төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат,
Жалғай бер әрі қарай оны санап.
Саны өссе, үйің және кеңейеді,
Атын тапшы сол заттың, ал, азамат.

Жауабы

Бұл заттың үлкен екен мәнісі тым,
Күн түсіп және одан шығар түтін.
Ел таңбадан орнықты орын алған,
Мақтаныш ол, қуанар елім, ұлтым.

Жауабы

Баспана көшпендіге өте ыңғайлы,
Әдемі мекен екен, жанға жайлы.
Тентектік істеп қойсаң, әке-шешең,
Сені тағы бұрышқа қоя алмайды.

Жауабы

Асқақтатып Сарыарқа даламды,
Ерлік ісі үлгі болған бабамды.
Оң қолымен ұстап тұрып жүрегін,
Бүкіл елім осы әнге салады.

Жауабы

Шөкім бұлт жоқ, көгілдір ашық аспан,
Жарқырайды алтын күн нұрын шашқан.
Бостандықтың белгісі, қыран-бүркіт,
Ою-өрнек мегзейді, бұл Қазақстан.
Жауабын бұл жұмбақтың тез табады,
Ұшқыр ойлы болса адам, елден асқан.

Жауабы

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10