Мал-жануар, құс

Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.

Қарға қарғаның көзін шұқымас.

Жапалақ мақтанса,

Жардан қоян алдым дер.

Жаман мақтанса,

Жақсының жағасынан алдым дер.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан келмей, боз болмас.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Атты қамшымен айдама, жеммен айда.

Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.

Қаршығалыға қоян кездеспейді,

Жарақтыға жау жолықпайды.

Құс баласы қырымға қарайды.

Қаршыға ілген қазға сын.

Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.

Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.

Ит тамағы үшін жүгіреді.

Құс тамағы үшін ұшады.

Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.

Ағайынға қарап мал өсер,
Қарағайға қарап тал өсер.

1 2 3 4 5