Күлімдейік

Парашют

Бір кісі парашют алу ниетімен дүкенге барады. Парашют таңдап жүріп сатушыға "мына парашют ашылмай қалса не болады?" дейді. Сатушы "ашылмай қалса запастағы парашютты ашасыз" дейді. Әлгі кісі "Ал егер запастағысы да ашылмай қалса ше?" дейді. Сатушы "біздің тауардардың бәрінің гарантиясы бар, қайтып алып келсеңіз, басқасына ауыстырып береміз" деген екен... 

Сараң диқан

     Бір диқан сараңдығымен аты шыққан екен. Бір күні құдықтан су тартып
жатып құдықтың ішіне құлап түседі. «Көмектесіңдер»- деп айқайлағанында әйелі естіп, құдыққа жүгіріп келеді. Құдық ішіндегі күйеуін көріп:
- Сәл шыдай тұрыңыз байеке, қазір егістіктегі жұмысшыларды шақырып келемін сізді шығарып алсын,- дейді.
- Тоқта бәйбіше, сағат қанша болғанын айтшы маған?
- 11:30
- Онда жұмысшыларды қазір шақырма, түскі үзілісте шақыр. Мен
оған дейін жүзе тұрамын.

Жаман әдет

Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:

– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды
тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.

Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз, бұл әдетін тоқтатады. Бір күні
үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:

– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.

Сауда-саттық

Қожанасыр базардан бір келі алма сатып алмақ болады. Сатушының таразыдан жегенін көріп:

– Кем өлшеп, толық ақша алмақпысың, мұның не?- дейді. Сатушы езуін тартып:

– Ауыр болып, сізді көтеріп жүруге қиналмасын дегенім ғой!- деп жауап береді. Бұған Қожекең:

– Олай болса, Міне ақшаң, санауда қиналып қалмасын деп мен де саған ақшаны кемітіп бердім!-дейді.      

Бірінші сыныптың оқытушысы:
- Ал, балалар бүгін «Ш» әрпін өтеміз,
«ш»-дан келетін қандай аттарды
білесіңдер? - дейді.
Тып-тыныш болып қалған сыныптың
артқы партасында, қолын көтерем
ба, көтермейін ба деп отырған бір
оқушыдан,
- Ой, айналайын сен білесің-ау деймін,
айтып жіберші дейді.
Әлгі бала :
- “шыбын”, -депті,
Мұғалім:
- Жақсы-жақсы деп қолпаштап,
көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы
қолын көтеріпті,
- Кәне тағы айтып жібер,- десе.
Әлгі бала:
- “Тағы бір шыбын”,- депті.

Қорқынышты баға

Баласы қобалжыған дауыспен анасына:

-       Анашым! Анашым! Тез жүгіріңіз, әкем есіктің алдында құлап түсті. Қолында бір квитанция, ал жерде үлкен бір пакет жатыр,- дейді.

-       Ее, түсіндім. Демек дүкеншілер тапсырыс берген шубамды әкелген ғой. 

Назар тартатын айла

       Бір жас жігіт мотоциклмен Мексиканың шекара бекетіне келеді. Арқасына асынған екі үлкен сөмкені көрген шекара сақшысы күмәнданып, ішінде не бар екенін сұрайды. Әлгі жігіт: «Ішінде жай ғана құм.» дейді. Сақшы: «Қане, ашшы көрейік!» дейді. Жігіт сөмкелерді ашады. Шекара қызметкерлері сөмкенің барлық жағын ақтарып қарайды, бірақ құмнан басқа ештеңе таба алмайды. Шекара сақшысы сөмкелерді қайтарып беріп,  шекарадан өтуіне рұқсат береді. Бірнеше күннен кейін әлгі жігіт мотоциклде арқасындағы екі сөмкесімен тағы да шекараға келеді. Сақшы әлгі жігітті тағы тоқтатып, сөмкесін ақтарады. Ештеңе таба алмаған соң жігітті жібереді. Бұл жағдай сақшы зейнетке шыққанға дейін жалғасады. Бір күні зейнеткерлікке шыққан сақшы паркте отырғанында әлгі жігітті көріп сұрайды: «Сенің қаншама жылдардан бері бірдеңе ұрлап жүргеніңді білемін. Айтшы, не ұрлайтын едің, арамызда қалады.» Жігіт күлімдеп: «Мотоцикл» деп жауап береді.   


Репортаж

Жол апаты болған жердің айналасын бір топ адам қоршап алады. Жиналған адамдарды көрген тілші, машинасын тоқтатып, апаттың жанына барады. Болған апатты бейнетаспаға түсіріп, ең бірінші болып эфирге шығару үшін адамдардың арасынан өтпекші болады. Адамдардың тым көптігінен арасынан өте алмайды. Дереу қулық жасап: «Жол беріңдер! Жолды ашыңдар! Мен апатқа ұшырағанның баласымын!» -деп жылай бастайды. Адамдар дереу шетке тұрып, жол береді. Тілші жақындап барып қараса, машинаның қарсысында үлкен бір есек жан таласып жатқан екен.

Сәлемдеме

    NASA алдағы уақытта ғарышқа жіберетін ғарышкерлерін жаттықтыру үшін оларды жерінің қыртысы айдың бетіне қатты ұқсайтын “Туба сити” деген жерге жіберіпті. Аталған жерге келген ғарышкерлер жаттығуларын бастап жібереді. Сол маңдарда “қызыл тәнді” (индеец) қарт кісі немересімен бірге қой бағып жүрген екен. Қойшы ағылшынша білмегені үшін немересі арқылы бұл өзгеше киімді адамдардың кім екенін сұратыпты.
    NASA-ның маманы «Ол адамдар айға ұшатын ғарышкерлер, мұнда жаттығу жүргізіп жатыр» дегенде қойшы «Олар арқылы айға бір сәлемдеме айтып жіберсем бола ма?» деп сұратыпты немересінен. Бұл ұсынысты өте керемет ой деп тапқан NASA маманы қарияның сәлемдемесін үнтаспаға басып алады. Жазып біткеннен кейін баладан атасының сәлемдемесін ағылшыншаға аударып беруін сұрайды. Бала былай деп аударыпты:
    «Бұлардан абай болыңдар! Бұлар жерлеріңді алуға келді!»
 

Машина дәметкен әйел

Күйеуі әйелінен сұрап жатыр:
    - Сүйіктім, туған күніңе не сыйлайын?
Әйелі:
    - Маған үш секундта 100-ге дейін жететін нәрсе сыйлашы.
Күйеуі ойлана келіп, таразы сыйлапты.
 

2 3 4 5 6 7 8 9