Күлімдейік

Түлкі қоянға қоңырау шалады:

- Екеумізге піл сәлемдеме жіберіпті. Ашып қарасам ішінде он апельсин бар екен. Сегізі саған, ал сегізі маған.

- Түлкі, сегізді сегізге қоссам он болмайды ғой?

- Ешнәрсе білмеймін. Сегізін жеп қойдым.

 

Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды:

-  Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба?

Зебра айтады:

-  Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті.

Қоян кинотеатрға келіп:

-  Киноның билеті қанша тұрады?

-  Екі жүз теңге.

-  Менде жүз-ақ теңге бар. Өтінемін мені кіргізіңізші. Мен бір көзіммен көремін.

Таңертең Самат жағада балық аулап отыр.

Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп:

-  Су калай екен?

-  Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді.

-  Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.

-  Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.

Әкесі мен баласы балық аулауға келді. Әкесі баласына айтады:

-  Балам, маған жеуге нан берші.

-  Әке, мен нанды жеп қойдым.

-  Балам, онда ботқаны берші.

-  Мен оныда жеп қойдым.

-  Олай болса, шылаушындарды да жей сал, үйге қайтайық.

Кішкентай қыз көршісіне келіп:

- Әкем ауырып қалды және құлпынай тосабын жегісі келіп жатыр.

- Тезірек жазылып кетсін. Тосапты қайда салып  берейін? Өзіңмен бірге банка не ыдыс әкелдің бе?

- Қажеті жоқ. Мен осында жей саламын.

Су мен сүт

Бірде Қожанасыр базарға барып сүт сатады.Ыдыстағы сүт азая бергенде үстіне су қосып жіберіп отырады.Алушылар мұны аңдамай сатып ала береді.Осылайша сүттің бәрін сатып болған әпенді базардан шығады.Үйіне қайтып келе жатып өзен жағасында ақшасын санай бастайды.Сол кезде қатты соққан желден қағаз ақшалары ұшып кетіп,өзенге түседі де,қолында тек тиындары қалады.Сонда Қожекең сақалын сипап тұрып:
-Суы-суға кетті,сүттікі қолда қалды,-деп жөніне кете берген екен.

Қолшатыр

Бір күні бір кісі базарға шығып бара жатқанында әйелі қолшатыр алуды ұмытпауы үшін қайта қайта ескертіп: «Қолшатыр алуды ұмытпа! Маған бір дана ал, өзіңе бір дана анама және балаларға да бір-біреуден ал» дейді. Күйеуі қалаға қатынайтын автобусқа барғанша ұмытып қалмау үшін «Қолшатыр, қолшатыр» деп іштей қайталап барады. Автобусқа мінген кезінде де ойында тек қана қолшатыр тұрады. Оның осы ойға шомғаны соншалық, түсер кезде біреудің қолындағы қолшатырға қолын созып ұстап тұрып қалады. Қолшатырдың иесі түсінбей, артына қарағанында, есін жиып кешірім сұрамақшы болады, бірақ ол естімейді. Қаладағы жұмыстары біткен соң, бірнеше зонт сатып алып автобусқа мінеді. Жолда әлгі қолшатырынан ұстаған кісі де сол автобусқа мінеді. Ол өзінің қолшатырын мықтап қолтығына қыстырып, күлімдеп былай дейді: «Ооо достым! Бүгін жұмысың жақсы жүрген сияқты ғой.» Сірә мұны қолшатыр ұрысы деп ойлап қалса керек. 

Сағат бес болды

Жақында үйленген ерлі зайыптылар араздасып, ренжісіп қалады. Бір-біріне еш сөйлемей жүреді. Бірдеңе айтуға мәжбүр болған кезде сөздерін қағазға жазып жүреді. Бір күні кешкісін күйеуі: «Мені таң ертең сағат 5 те оятасың ба?» деп жазады. Күйеуі ертеңіне сағат 8 де тұрып қараса, әйелі: «Тұр, сағат 5 болды» деп жазып қойған екен.

1 2 3 4 5 6 7 8 9