Хат
Қожанасыр бір досына хат жазып жатқан кезде біреу артынан келіп жасырын түрде оқи бастайды. Мұны байқап қалған Қожанасыр: «Сүйікті досым, тағы көп нәрсе жазатын едім. Бірақ тәрбиесіз біреу хатымды оқып жатыр» деп жазады. Мұны көрген артындағы адам:
- Аға маған неге тәрбиесіз деп айтасыз. Мен сіздің хатыңызды оқып жатқан жоқпын ғой!- дейді. Қожа да жауапты тауып айтады:
- Оқымаған болсаң саған тәрбиесіз дегенімді қайдан шығардың. Мен оқыған адам үшін айттым.
Тауып айтылған жауап
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
- Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...
Ішті күйдіреді
Қожанасыр бір танысының үйіне қонаққа барады. Үйдің иесі тұрып қалған нан мен бір табақ бал алып келеді. Қожанасыр, қатқан нанға тісі өтпегеннен кейін, балды қасықпен алып жей бастайды. Оны көрген сараң үй иесінің көзі шыға жаздап:
- Ойбай абайлаңыз! Бал нансыз желінетін болса адамның ішін күйдіріп жібереді,- дейді.
Қожанасыр балды жеп бітірген соң:
- Кімнің іші күйіп жатқанын бір құдай біледі,- деген екен.
Дұрыс өлшеді ме?
Бір ауылда көре алмаушылық етуімен, қырсықтығымен танымал болған біреу бар екен. Әр нәрсеге қарсы шығып, наразылық білдіреді екен. Ауылдағы адамдарға көмектескенді жақсы көретін бір бай кісі, кедейлерді тамаққа шақырады. Жеп, ішіп болғаннан кейін: «Әр қайсысыңа бір-бір қап 40 келілік бидай дайындап қойдым. Мына жұтшылық, тапшылық заманда оларды үйлеріңе апарып, бала-шағаларыңмен азық етіңдер!» дейді.
Кедейлер қаптарын арқалап кетер кезде үй иесіне алғыстарын айтып, игі дұға етеді. Ал әлгі қырсық былай дейді:
«Көреміз әлі, бидайларды дұрыс өлшеп салды ма екен?»
Аңшы
Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:
- Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
- Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
- Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?
Ұйқысы келіп жатыр
Түннің ортасында төменгі қабаттағы бала есікті қағып:
- Әкем магнитофоныңызды сұрап жатқан еді,- дейді.
- Не істейсіңдер? Ән тыңдайсыңдар ма?- деген сұраққа бала былай жауап береді:
- Жоқ, әкем ұйықтағысы келіп жатыр!...
Мен ба?
Сот кінәлідан сұрайды:
- Атың кім?
- Менің атым ба?
- Иә сенің атың?
- Мұрат.
- Әкеңнің аты кім?
- Менің әкемнің аты ма?
- Иә сенің әкеңнің аты?
- Мақсат.
- Не жұмыс істейсің?
- Мен ба?
- Иә сен?
- Егіншімін.
- Жасың қаншада?
- Менің жасым ба?
Сот ашуланғаны соншалық, өзін ұстай алмай айқайлайды:
- Жоқ менің жасым?!
Кінәлі иығын жоғары көтеріп, басын екі жақа шайқап:
- Сот мырза, не айтарымды білмей тұрмын, бірақ 50-55 жастан үлкенге ұқсамайсыз!