Бір кісі және баласы орманда серуендеп жүріп баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан “Аххх!” деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан “Аххх!” деген дауыс естігенінде бала таң қалады. Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да “сен кімсің?” болып келеді.