Менің анам

/upd/2016/0321/145856400656efeba64a9237.81151363.gif

Әр адамның өмірінде ерекше жан бар. Ол –ана.Мен бүгін өз анам жайлы айтқым келеді. Оның аты–Зайра. Анамның мейірімді жүзі мен аялы алақаны мен үшін қымбат. Маған анамның сөйлегені, мінезі қатты ұнайды. Ол биязы сөйлейді және бәрін ақылмен жасайды. Осы қасиеттерін мен өз бойыма сіңіргім келеді. Егер ол үйде болмаса, үйдің іші суық, көңілсіз болып тұрады. Ал егер үйде болса күннің көзі қалай жарқыраса солай үйдің іші де жарқырап кетеді. Мен анамды қатты жақсы көремін және сыйлаймын, мақтан етемін. Менің анам әлемдегі ең жақсы адам деп мақтанышпен айта аламын.

Елеуке Аружан 8 жас
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы