Кітап – адамға өмірлік дос, таусылмас азық

/upd/2016/0126/145379833556a733bfb177a9.43814677.jpg

     Артық ғылым кітапта Ерінбе оқып көруге – деп, Абай атамыз айтқандай, мен кітап оқығанды өте жақсы көремін. Кітап адамның өмірлік досы. Кітаптан біз білім аламыз, ал білім қай кездеде қажет. Білімсіз ештеңе істей алмаймыз. «Кітапты оқи берген адамның көзі ашылады»-, деген сөзді үнемі апамнан естіп отырамын. Осыдан үш жыл бұрын мектеп табалдырығын аттағанда білімнің көзі әліппемен сауатымызды ашқан едік. Міне, қазір қалаған кітабымызды оқи аламыз.Әр кітапты оқыған сайын ішінен маржан тізбелеп сол оқиғаның ішінде жүргендей сезінемін өзімді,кейде.Жақын уақытта мен Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повестін оқыдым. Аталған шығармада Момын атаның және оның немересінің бастан кешкен оқиғалары жаныма аяушылық сезім оятты.Момынға күйеубаласының көрсеткен қорлығы да оңай болмады.Немересінің жетім екенін сезінбесін деп атасының немересі үшін балаша елпілдеуі де ерекше ой тудырады. Баланың ақ кемені кие тұтуы арманы асқақ бала, адал жүрегі сол кеме үшін теңізде жүзу үшін балық болып кетемін деп қайта оралмаған баланың өзенге ағып кеткені бойымда бір қимастық сезім оятты. Повесттің соңында автордың «сенімен қоштаса отырып, маған сенің армысың ақ кеме,бұл мен гой келіп тұрған мен гой деген сөзіңді қайталау ғана қалды»-,дегені оқып отырған кез келген оқырманына жас ұялататыны белгілі. «Кітап – әр адамның өмірлік досы» - деген Мұхтар Әуезов. Кітап – адамның досы, ақылшысы. Кітап оқу – рухани байлық. Барлық білім кітапта. Кітап –адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге аламыз. Кітап-біздің рухани жан-азығымыз. Білім алар көп адам, Жақсы нәрсе жоқ одан. Қызыға кеп оқимын, Кітапты көрсем жаңадан. Мен әртүрлі кітаптар оқыдым. Ол кітаптар: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Шыны таудағы ханша», «Етікші мен Эльфтер», «Құс тұмсық патша», «Ұйқыдағы сұлу», «Су перісі», «Ақшақар». «Қыз Жібек» кітабын оқи отырып мен Жібектің инабаттылығын, тәрбиелігін, ақылдылығын, сұлулығын білдім. «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» кітабынан екі ғашықтың бір-біріне деген махаббатын, адамдардың мінез-құлқының қандай болатындығын түсіндім. Қиял ғажайып ертегі кітаптарды оқи отырып адамдардың қиялының жүйріктігін түсіндім. Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін, - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар маған білім көзі, рухани тәрбие. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітабың сенің, құралың, Жағар білім шырағың. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір адым. Кітабыңды құрметте, Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке – дегендей, Әр бала кітапты қадірлеп, таза ұстап білімін алуы керек.Кітапты қазір көп адамдар заман талабына сай аудио баспамен тыңдайды.Біраз адамдар кітап оқудан алшақтап барады,өздеріне қажетті ақпаратты интернет жүйесінен тауып алып керекті ғана мағұлматтарын алады.Ал өз басым кітап оқыған дұрыс деп ойлаймын.Себебі,кітап оқығаннан кейін ой түйіп қорытынды жасап,есте сақтау қабілетіңді арттырады. Сонымен бірге өз талғамыңды қалыптастырады. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. «Кітап – адамға өмірлік дос, таусылмас азық» екендігін ір бала сезінсе екен деймін.Себебі,еліміздің ертеңі- біздің қолымызда. Ең алдымен біз толыққанды дені сау,жан -жақты,білімді болуымыз шарт.Ал білімді болу үшін,кітапты көп оқуымыз керек. Кітап арқылы тарихымызды,әдебиетімізді танимыз.Ұлы даламның ұлықты ұрпақтарына ұлттық рухани қазынамызды сақтап, мәңгі құрметтейік дегім келеді.

Жолдаған: Ыдрышова Еркежан 9 жас
ШҚО Үржар ауданы,
 Мақаншы ауылы,
 «Мақаншы орта мектеп-бақша» КММ
 4 «А» сынып оқушысы