2019 шілде Балалар бақшасы

Менің алтын ұя – бөбегім
Табиғатыңа тамсанам,
Әлемге айтып жар салам.
Алтын ұя – бөбегім,
Мен өзіңмен мақтанам.
Нұрыңды бізге төгесің,
Жүрекке жылу бересің.
Білімді маман иесін,
Дайындап, шыңдап бересің.
Өзіңнен шыққан ұстаздар,
Өнегелі көш бастар!

Кадырбаева Назерке
Алматы

Ана
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты.
Жақсы көріп боласың,
Мәпелейді анашым.
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп,
Иман нұрын құяды.

Шеңгелбай Фарида 9 жас
Түркістан облысы, Шымкент қаласы

Өмір мәні неде?
Ата-ана үшін өмір мәні бала екен,
Ал, еменге өмір мәні дала екен.
Талай адам мәні жоқ өмір сүрді,
Талай адам өмір мәнін іздеп жүрді.
Кейбіреуі адасты, ал кейбірі жол тапты,
Өмір мәнін ұғу үшін ақтарарсың кең қапты.
Қап өте кең, айналдырар басыңды,
"Өмір мәнін тап" дейді, өлшемейді жасыңды.

Сәби Аянат 11 жас
Нұр-Сұлтан қаласы

Ата
Менің атам – еңбекқор,
Күндіз-түні тынбайды.
Шаршасада демалмай,
Жұмысын бір қоймайды.

Айару 8 жас
Шымкент қаласы

Отбасым
Əкем бар менің ардақты,
Отбасында жан-жақты.
Анам бар менің аяулы,
Барлығын да ойлайды.
Ағам бар менің ақылды,
Сабағын жақсы оқиды.
Екі сіңліме не жетсін?!
Жақсылықты көп етсін.
Бір ініме не жетсін?!
Сүйкімді ғой мен үшін.

Айару 8 жас
Шымкент

Мен Ардақты сағындым
Мерей мен Аиша ойыншықтарымен ойнап отыр. Мерей Аишаның қолындағы ойыншықтарын алып қоя берді.Ол менің ойыншығым, оны маған Ардақ әпке алып берді дегенді қайталай берді. Аиша әпкесінің атын естіген сайын,менің жаныма келіп, мен Ардақ әпкені сағынып кеттім деп жылайын деп қалды.

Майдагүл Қыдырбайқызы

Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы бізге шырайлы,
Осы сөздің әсте маған ұнайды.
Көк аспанның астындағы көк жалау,
Таңдандырып биіктегі күн, айды.
Еркін елміз, тәуелсізбіз, алаштың,
Бостандығым ешкімдерге талассыз.
Ұлтым деген ағаларым көбейсін,
Ұлыларға өсейікші қарап біз!
Сөгілмесін, мәңгі болсын іргеміз,
Батырларды қарсы алайық бірге бізІ
Бәтуаміз жоғалмасын ешқашан,
Өшпесін де тарихтағы жүрген із!

Танарбергенова Дана

Мен анаммен бақыттымын
Көптен күткен 8-наурыз аналар күні де жетті.
Мен айтатын жақсы сөздер көп еді,
Менде анамды жақсы көрем, себебі!
Білесің бе бұл әлемде адамдар,
Ана жайлы айту үшін келеді!
Өте керемет айтылған өлең жолдарын мен анама арнағым келеді. Менің анамның аты-жөні Отарбаева Альбина. Менің анам әлемдегі ең керемет жан. Отбасына, сіңіліме, ініме және жұмысына үлгеріп жүретін анамды 8-наурыз аналар күнімен құттықтап, әлемдегі бар жақсылықты тілеймін.

Серік Лиана
3 «д» сынып оқушысы, Орал қаласы

Ұлы дала ұрпағы
Данасы мен батыры көп қазақтың
Көрген талай қияметін азаптың.
Ар шыңдаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн – демекші мен өзімді ұлы дала ұрпағымын деп есептеймін. Себебі, тәуелсіз елде тұрып жатырмын. Мектепте оқып жүрген балалық шақтарында менің ата-анам әнұранды орыс тілінде айттық, сендер өз тілімізде әнұранды айтқанда патриоттық рух оянып, тік тұрып, дұрыс айтыңдар деп санама құйып отырады. Сол себепті мен өзімді елімнің болашақ адал, патриотты ұрпақтарына жатқыза аламын. Біз сыныбымызда әр дүйсенбі сайын сабақты әнұран айтумен бастаймыз. Сол кезде бойымды патриоттық рух бейнелейді. Бойымда еліме деген сүйіспеншілік пайда болады. Осы шығармаға орай ойымды мынадай мақалдармен қорытқым келеді.
«Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол».
«Кіп-кішкентай торғайда
Өз ұясын қорғайды».
«Отан- отбасынан басталады».
Мен қазір 3-сыныпта оқимын. Алдымда тұрған міндет сабағымды жақсы оқып, білімді, адал азамат болып, еліме, Отаныма адал болу. Ел рәміздерін құрметтеу, басқа балаларға  үлгі болу.

Батырханов Алиби
3 «д» сынып оқушысы, Орал қаласы