Практикалық мәлімет (2)

1. Ірімшіктің көгермеуі үшін алдыменен қағаз майлыққа орап, сосын пакетке салу керек.

ірімшік

2. Қатты еттерді лимон суымен жұмсартуға болады. Егер қатты еттерге лимон суы қосылып пісірілсе, дәмді, әрі жұмсақ, әрі тез пісетін болады.

ет лимон

3. Жұмыртқаны жару тәсілі...

Жұмыртқаның ақ уызы мен сары уызының бір-бірімен араласып кетпеуі үшін, тоңазытқыштан шығарған бойда жару керек.

 

 

жұмыртқа4. Кивилер қатты және шикі болса, бір түнге алма және алмұрттармен бірге целлофанды пакетке салып қою керек.

киви5. Киімге тиген сияны кетіру үшін, сияның тиген жеріне тіс пастасын жағып, кепкен соң жуу керек.

сия

6. Сарымсақты қабықтары аршылған соң бір банкаға салып, бетіне зәйтүн майын құйып сақтауға болады.

сарымсақ

7. Пиязды қуырар кезде бетіне біраз ұн себілсе қараймайды.

пияз