Практикалық мәлімет (1)

/upd/2014/0303/139384686653146a529ed472.38567421.jpg

–  Пешке тауық салып пісіретін кезде бетіне себілетін дәмдеуіштерден ішіне салынады.
–  Саңырауқұлақ дәмді болуы үшін пісуінен бес минут алдын біраз тұз және лимон суы қосылады.
–  Пешке пісірілетін тауыққа 2 қасық айран, 1 қасық су қосылған қызанақ пастасы және аз ғана зәйтун майын араластырып жағылатын болса дәмдірек болады.
–  Пісірілген көкөністер түстерін жоғалтпауы үшін бір үзім қант немесе лимон суы қосылады.
–  Омлет табаға жабыспауы үшін алдымен табаны отта жақсылап қыздыру керек.
–  Кесіліп ашық ауада қалған пияз зиянды болады.
–  Кекс қалыбының ішіне қамыр салмай тұрып астына қатты алюминді фольга қойылады. Піскеннен кейін оңай алынады. 
–  Қуырылған тауықты қайтадан ысыту үшін бөлшектеп сүзгіге қойып ішінде су қайнаған кастрөл бетіне қойып буымен ысытады.
–  Кивилер қатты және шикі болса, бір түнге алма және алмұрттармен бірге целлофанды пакетке салып қойылады.
/upd/2014/0303/139384666353146987363077.70273212.png– Пирог жасағанда пісерінде қамыры шөкпеуі үшін, пешке салмастан бұрын 20 минуттай қамырды қалыбында ұстау керек. 
–  Жаңа таба алғанда ішінде азғантай су қосылған сірке суын қайнату, алдағы уақытта түбіне жабысудың алдын алады.
–  Мұз қалыптарын сумен толтырмастан бұрын калыптардың ішіне апелсин, лимон секілді жеміс бөлшектері қойылатын болса декоративті мұздар алынады.