Ақыл ердің қорғаны.
Ер сыйлаған есікке отырмас.
Ер — намысының құлы.
Ерден ердің қаупы бар.
Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.
Нар тәуекел — ер ісі.
Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңілі не бермейді.
Батырдан сауға,
Мергеннен сыралғы.
«Малы жоқ» деп
Ерден түңілме.
Егіні жоқ деп
Жерден түңілме.
Ер қуаты қаруы.
Ер сүрінбей, ел танымас.
Ат сүрінбей, жер танымас.
Ер тарықпай, молықпайды.
Ер шекіспей, бекіспейді.
Ер қаруы — бес қару.
Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.