Ерлік, батырлық, қорқақтық

Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ. 

Жет қырлы балықты, сегіз қырлы жігіт алады.

Ерді намыс өлтірер,

Қоянды қамыс өлтірер.

Күш атасын танымас.

Ер қанаты — ат.

Ер қартайса, қазаншы болады,

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.

Ылдисыз өр болмайды,

Табыссыз ер болмайды.

Оқ жетпес жерге қылыш суырма.

Бөрі азығы мен ер азығы жолында.

Айлалы батыр алдырмас.

Ерлік білекте емес, жүректе.

Ерегісте ер өлер,

Екі батыр егессе,

Екеуінің бірі өлер.

 Бас жарылса, бөрік ішінде,

 Қол сынса, жең ішінде.

  

Бөріктінің намысы бір.

Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.

1 2 3