Еңбек - еріншектік, ұста, шебер

Ұстаны соққан пышағынан танисың.

Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.

Өнерлінің өзегі талмас.

Өтпес пышақ қол кесер.

Еңбек ептілікті сүйеді.

Алтынды ала білген бөле де біледі.

Болат біз қап түбінде қалмас.

Қалауын тапса, қар жанар.

Шебердің қолы көпке ортақ.

Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.

Өнерліге есік ашық.

Киім пішсең кең піш,

Тарылтуың оңай.

Темір кессең қысқа кес,

Ұзартуың оңай.

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

1 2