Достық, дұшпандық

Жолдастының жолы кең.

Ынтымақты үйдің бағы бар,

ынтымақ кетті, бақ кетті.

Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.

Жолдасың жаман болса,

Алыс жүріп түн қатпа.

Қатының жаман болса,

Кісі алдында тіл қатпа.

 Көргенді кісі

 Көргенін айтар,

 Көргенсіз кісі

 Бергенін айтар.

Жаман қорыққанын сыйлайды.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Жолдасты жол айырады.

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

Әңгіме жол қысқартады.

Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

Шошқаға ерген – балшыққа аунар.

Жолдасын тастаған – жолда қалар.

Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.

1 2