Тіл-сөз

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

Тіл - достықтың алтын көпірі.

Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Ақынның тілі қылыштан өткір.

Ұлттың қуаты – тілінде.

Ұлттың өшуі, тілдің өшуінен басталады.

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.

Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.

1 2 3