Тіл-сөз

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Ми ойлағанды тіл тындырады.

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

Ұстаны соққан пышағынан таниды.

Ата өнері - балаға мұра.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

Тіл ақылдың - өлшемі.

Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

1 2 3