Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам Атадан бастап шежіре тарқатыла береді.
Бесік жабдықтары: ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жаялық, кепіл, таңғыш және жапқыштан тұрады.
Хан сайлау туралы хабарды қазақтың барлық ру-тайпаларына алдынала арнайы жасауылдар жеткізетін. Осы оқиғаға орай әйелдер мен балалар өзінің ең әдемі деген киімдерін киетін. Ер адамдар бес қаруын сайланып мәслихатқа келетін.
Әсіп– қойдың бүйенін айналдырып, жақсылап жуып тазалайды. Ет, жүрек пен бауырды ұсақтап турайды.