Қазақ халқының туыстық атаулары
- Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
- Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары ұлы әже деп аталады.
- Әке - баласы бар ер адам
- Ана - балалы әйел, туған шеше.
- Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
- Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
- Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
- Әпке, апа - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
- Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
- Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.