Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз жақайым Жетес бимен әңгіме үстінде: Иә, Жетеке, сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз? — деген екен.
Бір ауылдың шетінде бағбан қария өмір сүрді. Бағбанның бағында адамның көзін қызықтырар тәтті қызыл алмалар өсетін. Бір күні бағбан арықтың жағасында алма теріп отырып, көшеде иығына сөмкесін асынған баланы көреді.
Жігер үйге жылап кірді. Солқ-солқ етеді. Ас үйде шәй ішіп отырған әке-шешесі қолындағы кеселерін үстел үстіне асығыс қоя салды. - Балам, саған не болды? – деді анасы Күлия бәйек болып, жанына келді.
Бір патшаның баласы аттан құлап, мойын сүйектерін сындырып алады. Мойны пілдің мойнына ұқсап денесіне килігіп қалады. Басын бұру үшін бүкіл денесімен бірге бұрылып қарайтын еді. Еліндегі емшілердің бәрі қанша тырысса да оны емдей алмайды.
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты.