намаз

Бос кетпе

     Әйел әулиелерден Рабиа-и Адуийа хазреттері таңға дейін намаз оқып, Құран кәрім оқитын еді. Бір күні түнде ұзақ уақыт намаз оқып, қамыстың үстінде ұйықтап қалады. Сол кезде үйіне бір ұры кіреді. Үйдің әр жерін тінтеді, бірақ ұрлайтын еш нәрсе таба алмайды. Кетер кезде «Ақыры кіргеннен кейін бос шықпайын» деп, Рабиа хазреттерінің сыртқа киетін киімін алып кетеді.       Бірақ үйден шығар кезде адасып, есікті таба алмай қалады. Артқа қайтып, киімін алған жеріне қояды. Бұл жолы есікті қиналмай табады.

Жалғасын оқу

Шайтанның айласы

Атақты әулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей, Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тәубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазындa

Жалғасын оқу

Мен түйелерімді көңіліме (жүрегіме) байламаймын...

Бір адам Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттеріне «рахметуллаһи алейһ» келіп: «Ей Имам мен намаздарымды таза көңілмен оқи алмай жүрмін. Намаз оқып жатып түйелеріме қарап, бағып, ойым сол жақа ауып кетеді. Сіз болса менен де байсыз, сіз қалай ғибадатыңыздың ләззатына қауышып, намазыңызға толығымен көңіл байлап жүрсіз?» деп сұрайды. Имам Ағзам Әбу Ханифа хазреттері

Жалғасын оқу

Намаздың маңыздылығы

Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләмның» заманында сахабалардан біреуі, пайғамбарымызға келіп, “Табысымның көптігіне қарамай тұрмыс ауыртпалығын шегудемін” деп жағдайын айтады. Пайғамбарымыз “Үйіңде намаз оқымайтын адам бар ма?” деп сұрайды. Ол “Жоқ, үйде барлығымыз намаз оқимыз, намаз оқымайтын адам жоқ” деп жауап береді.

Жалғасын оқу