Әйел әулиелерден Рабиа-и Адуийа хазреттері таңға дейін намаз оқып, Құран кәрім оқитын еді. Бір күні түнде ұзақ уақыт намаз оқып, қамыстың үстінде ұйықтап қалады. Сол кезде үйіне бір ұры кіреді. Үйдің әр жерін тінтеді, бірақ ұрлайтын еш нәрсе таба алмайды. Кетер кезде «Ақыры кіргеннен кейін бос шықпайын» деп, Рабиа хазреттерінің сыртқа киетін киімін алып кетеді. Бірақ үйден шығар кезде адасып, есікті таба алмай қалады. Артқа қайтып, киімін алған жеріне қояды. Бұл жолы есікті қиналмай табады. Есікті тапқан кезде артқа қайтып, киімді тағы да алады. Бірақ тағы да есікті таба алмайды. Бұл жағдай 7 рет қайталанады. Киімді 7-ші рет қолына алған кезінде мынандай бір дауыс естиді: «Ей жігіт, өзіңді әуреге салма! Ол өзін қанша жылдан бері бізге тапсырған. Шайтанның оған жақындауға күші жетпегенде, ұрының оның киіміне жақындауы мүмкін бе? Кет, босқа әуре болма! Ол ұйықтап жатқан болса да, досы ояу және оны қорғауда!» Ұры қатты қорқып кетеді. Абдырап тұрғанында іштен хазреті Рабианың дауысын естиді: «Бос шықпа! Бақшада құман бар, ең болмаса дәрет алып шық!»
Ұры жақсылап дәрет алып, тәубе етіп, бұл жаман әдетінен тыйылады.