Бір күні хазреті Омар радиаллаһу анһқа, әйелінің айқайынан шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдына жақындағанында, іштен хазреті Омарға әйелінің айқайлап жатқан дауысын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп:
- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың?- дейді.
- Сізге әйелімнен шағымданып келген едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.