Бір күні хазреті Омар радиаллаһу анһқа, әйелінің айқайынан шағымдану үшін бір кісі келеді. Хазреті Омардың үйінің есігінің алдына жақындағанында, іштен хазреті Омарға әйелінің айқайлап жатқан дауысын естіп, артқа қайтып кетеді. Сол кезде хазреті Омар оны көріп:
- Не үшін келдің және неге кірмей кетіп бара жатырсың?- дейді.
- Сізге әйелімнен шағымданып келген едім. Бірақ әйеліңіздің сізге айқайлап жатқанын көріп, шағымданудан бас тарттым.
Хазреті Омар оған былай деді:
- Біз әйелдердің әр бір сөзіне жауап қайтармаймыз. Олардың бізде бірнеше ақылары бар:
1) Әйелдердің себебінен жаһаннамнан құтыламыз. Өйткені хадис шәрифте, үйленген адам дінінің жартысын қауіпсіздік қорғанына алатыны айтылған.
2) Әйелдер біздің мал-мүлкіміздің кузетшісі.
3) Киімдерімізді жуып береді.
4) Тамақтарымызды пісіріп береді.
5) Балаларымызға қарап, оларды өсіреді.
Сол үшін оларға сабыр етуіміз керек. Хазреті Омардың насихатын тыңдаған әлгі кісі шағымынан бас тартады.