Қазіргі таңда көптеген адамдар өз ұяларын өздері құлатуда. Бос сөздер, сын айтулар (критика), дауласулар, көңіл қалдыратын сөздер жанұяның қирауына немесе бақытсыз халге келуіне себеп болады. Ешкім сын естуді ұнатпайды, марапаталуды, мадақталуды күтеді. Нәпсіміз сынды емес мадақталуды ұнатады. Біреуді марапаттағанда, мақтағанда ештеңе жоғалтпаймыз және сол адамның көңілін алған, қуантқан боламыз.