Отан – отбасынан басталады

/upd/2015/1010/14444918375619323d90f6c7.12129030.png    Екі жас алдымен отау құрады, одан кейін отбасы болады, сосын үлкен әулет болады, яғни кішігірім отан құрайды. Менің айтпағым, «Отан – отбасынан басталады» деген осыдан басталады. Отбасы деген сөздің өзіне үңілетін болсақ, жақын адамдарың, ата-анаң, бауырларың. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау, балаларын тәрбиелеу жолында бар күш-жігерін салады. Сондықтан жанұяның әрбір мүшесі отбасында «менің рөлім бар» деп айта алуы керек. Жанұя өмірінде бір-біріне көмектесу, ісіне ортақтасу сезімі қалыптасқан жағдайда өмір сүруі жеңілдейді, жанұяның ынтымақ-бірлігі нығаяды. Жанұядағы ортақ бірлікті сезінген, оның дәмін татқан адам оны сақтауға күшін салады. Ең маңыздысы, отбасылық бірлікті ұрпаққа жалғастыруды үйретеді. Бала тәрбиесіне келсек, бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең. Өйткені жақсы отбасынан шыққан жасөспірім өз еліне жақсы жағынан қызмет ете алады. «Елім үшін өлем» деген құр бос сөз керек емес, оны іспен дәлелдей білу қажет. Ал еліміздің азаматтары жаман жолға салынып, арақ ішіп, күнде ұрыс, айқай болса онда біз бірлігі жараспаған ел болар едік, сондықтан әрбір мәдениетті, білімді отбасынан өскен ұрпақ саналы, ойшыл, отанына қызмет еттіндей азамат болып шығады деп ойлаймын, бірақ ол адамның санасы мен түйсігіне байланысты.

Жолдаған: Әшімхан Адина Алмасқызы 14 жас
Астана қаласы