Балалар бүгін біз сендермен мынадай балықты модульді оригамимен жасауды үйренеміз. Модуль жасауды мына жерден көре аласыңдар.
Қажетті құралдар:
1) Түрлі-түсті қағаз немесе ақ қағаз.
2) Қайшы.
3) Сендердің шебер қолдарың және сабыр.
Бұл балықты жасау үшін бізге 7 қызғылт түсті және 23 жасыл түсті модуль қажет. (Түстерді өздерің қалауларыңша өзгерте аласыңдар.)
1 этап: 1 қызғылт модуль аламыз.
2 этап: 2 жасыл модульді қызғылт модульге кигіземіз.
Алдынан былай көрінеді. Бұл балықтың аузы.
3 этап: 3 жасыл модуль.
4 этап: 4 жасыл модуль
5 этап: 1 жасыл, 3 қызғылт, 1 жасыл
6 этап: 4 жасыл
7 этап: 3 жасыл
8 этап: 2 жасыл
9 этап: 1 жасыл
10 этап: Артынан 2 жасыл модульді кигіземіз
11 этап: 2 қызғылт модуль
12 этап: 1 қызғылт модуль
Мұндай модульді балықты өз қолдарыңмен жасап, достарыңа, құрбыларыға силасаңдар болады немесе жіп тағып, өз бөлмелеріңе іліп қойып, безендірсеңдер болады.