Үшбұрышты модулді ақ немесе түрлі түсті төртбұрышты қағаздан жасаймыз. Бір А4 форматтағы қағаздан 16 немесе 32 дана үшбұрышты модуль шығаруға болады.
Үшбұрышты модуль жасаудың жолы:
1) Төртбұрышты қағазды тең екіге бүктейміз.
2) Ортасында сызық білінуі үшін жақсылап бүктейміз.
3) Екі бұрышын ортаға қарай бүктейміз.
4) Айналдырып астындағы екі бұрышты ішке қарай бүктейміз.
5) Үшбұрышымызды ортасынан бүктейміз.
6) Үшбұышты модульдің 2 қалтасы және 2 бұрышы болады.