Армандарым көп менің
Алда әлі армандарым көп менің,
Жақсылардың тәрбиесімен көктедім.
Ата-анам жүз жасауы арманым,
Дұрыс болар,елге қызмет еткенім.
Алда әлі армандарым көп менің,
Жалқаулық пен сабырсызды шеттедім.
"Ислам" деген қасиетті мен үшін,
Арманым сол, шетін көру Меккенің.
Алда әлі армандарым көп менің,
Алынбастай асуларға беттедім.
Қалса деймін аңыз болып ауызда,
Елге елеулі журналист боп өткенім.
Ғалбиат Тұнық, ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы
Шабыт
Талантты адам – бар тірліктің заңгері,
Мүмкіндіктер шектеулі деп ұқпайды.
Ол да – сәби көре білмес әрнені
Таныс емес оған қирау, жұт, қайғы.
Ол жасайды мұрасы ғып ғаламның
Тобырларды таңдандырар ұлы істі.
Еңбегі мен туындысы адамның
Жүректерге нұр құюға тиісті.
Бөлене алсаң - адамға сол керегі
Еңбегіңмен ықыласына халықтың,
Құрмет, атақ – бәрі сонда келеді,
Тек қанаты мұқалмасын шабытың.
Рысбек Гүлназ, 8 жас, Қарағанды қаласы
Алма
Қызыл алма, сары алма,
Кең даламның бәрі алма.
Толтыр қабын жомарттың,
олжа болма сараңға.
Мирас Қалиев, Атырау қаласы, Исатаи ауданы
Анашым
Анашым бір өзіңмен мақтанамын,
Сездірген мына өмірдің бал шырынын.
Өзіңсің өмірімнің бар мәні,
Мына өмірде сенің барыңа қуанамын.
Әбдікерімова Жансая, 9 жас, Жетісай қаласы
Буратино
Буратино тұрғыным
Дау шығарды бір күні:
Білмеуші едік біз бұрын,
Дұрыс екен мұз мұрын!
Ағаш мұрын оңбайды.
Ал мұз мұрын Тоңбайды!
Қарамаңыз сіз қырын,
Салдырып бер мұз мұрын!
- Аязды қыс өткенде
Не істемексің көктемде.
Құралай, 20 жас, Алматы қаласы
Кітап
Кітап – білім бұлағы. Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітаптан қуануды, күлуді және қайғыруды үйренесің. Ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін, мақал-мәтелдерді, салт-дәстүрлерді білеміз. Мен кітап оқығанды жақсы көремін.
Советова Айасыл, 8 жас, Қарағанды қаласы
Табиғат
Терезені аштым,
Есікті жаптым.
Айналама қарадым,
Әдемі неткен тамаша!
Ақбота, 11 жас, Өскемен қаласы
Мен патриотпын!
Біз бәріміз бір елде тұрып жатырмыз, аспанымыз ашық, еліміз тыныш. Менің ойымша мұның бәрі елін сүйетін, отан үшін отқа түсетін патриоттардың арқасы деп ойлаймын. Әрине, елімізді көркейтіп, терезесін басқа елдермен теңестірген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сынды әділ саясаткерді де айта келгеніміз жөн деп санаймын. Басқа елдерде соғыс болып жатса біздің еліміздің тыныштығын орнатты ол кісі. Биліктен өзі кетседе қазақ еліне жасаған жақсылығы, аты ешқашанда кетпейді,тасқа алтын таңбамен жазылып қалады. Қазіргі басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев мырза да елімізді көркейтіп жатыр. Бұл 2 кісіні айтқан себебім менің ойымша олар нағыз патриот. Біз келер ұрпақ оларға қарап үлгі алуымыз керек. Патриоттық сезімімізді оятуымыз керек. Қазақстан елімізді біз дамытпасақ ешкім дамытпайды. Қазір білімдінің заманы, бәріміз осы мектеп кезден бастап білімімізді жетілдірейік. Біздің өзіміз алған біліміміз ертеңгі күні еліміздің дамуына үлес қосады деген ойдамын. Бәріміз патриот болайық. Елін сүйген азамат пен азаматша болып өсейік.
Қонысбек Айдос, 13 жас, Түлкібас ауданы