Әлемдегі ең пайдалы азықтар

/upd/2016/0609/146545428857590ed065a8f5.92650944.jpg

«Форбс» журналы денсаулық айдарымен жарияланатын беттерінде Джонни Боуденнің кітабынан алынған әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялады.
Пияз-сарымсақ: Асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Фасоль: Салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан қорғайды.
Балық: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт: Витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылын да қамтиды.
Жаңғақтар: Аптада 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін %30-50 арасында азайтады. Бір күн үшін 25 грамдық, бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағы жеткілікті.
Қызыл ет: Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3-ке бай болып табылады. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.
Жұмыртқа: Ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ калориясы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Брокколи: Барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.
Алма: Өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Анар: Антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.
Көк шәй: Қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Қаражидек (черника): Қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.