Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай деді:
- Ей Адам! Аллаһу та’ала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.
Адам алейһиссалам:
- Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым.
Жабрейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:
- Сендер бара берсеңдер болады,-дейді.
Сонда Иман оған:
- Аллаһу та’ала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айрылып кете алмаймын!
Ұят та:
- Аллаһу та’ала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айрылып кете алмаймын!
Аллаһу та’ала кімге ақыл берсе, ұятпенен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұятыда да, иманы да болмайды.