1948 жылы америкалық Джей Кордич қуық асты қатерлі ісігіне шалдығады. Дәрігерлердің “жазылуы мүмкін емес” деген ауырын Кордич таза (свежий) жеміс-жидек және көкөніс шырындарымен емдейді. Өзінің бұл әдістерін “Жеміс-жидек және көкөністердің құпия күштері” атты кітабына жинақтайды. Солардың кейбіреулері:
Інжір – ішектерді жұмыс істетеді, жылу береді.
Алма – бүйректерді тазартады, ас қорыту жүйесін жақсартады.
Өрік – Қан көбейтеді, тері және шашқа болымды әсері бар. Қатерлі ісік ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Банан – жүрекке және бұлшық ет жүйесіне, шаршағанға және іш өткенге өте пайдалы келеді.
Шие – минерал және витаминдер қоры.
Грейфрут – ас қорытуды жақсартады, тіс еттерінің қанауын азайтады, суық тигенге және холестеринге жақсы.
Апельсин – суық тию, тұмау, жарақат алу, жүрек және сал ауруынан сақтайды.
Мандарин - инфекциялармен күресуді жеңiлдетедi.
Жүзім – бүйректердің жұмысын жақсартып, жүрек соғысын реттейді. Бауырды тазалайды.
Қауын – ұйқысыздыққа, ішек және тері қатерлі ісігіне қарсы жақсы.
Қарбыз – бүйректі тазалайды.
Қызыл шие (черешня) – холестеринді түсіреді, сабақтары да несеп айдайды.
Алмұрт – жүрек және қан тамырының саулығын және физикалық жұмыс істеу қабілеттілігін арттырады.
Қызыл бұрыш – шаштарға, тырнақтарға және теріге өте жақсы.
Брокколи – асқазан және өңештің қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады.
Капуста – қартаюды кешіктіреді және терінің саулығын жақсартады.
Сәбіз – күш-қуат береді. Бауырдың өт сұйықтығын (запыран) бөлуіне және холестериннің реттелуіне көмектеседі.
Қияр – бұлшық етті жасартады, тері жасушаларына иілгіштік қасиет береді.
Сарымсақ – қан қысымын төмендетеді, қанның ұйып қалуын азайтады. Асқазанның қатерлі ісігіне қарсы жақсы, иммунитет жүйесін күшейтетіні анықталған.
Шпинат – бауырды, лимфа бездерін және қан айналым жүйесін реттейді.