Иман шынайы болуы тиiс

      Сезiм мүшелерi және ақыл қамтыған мағлұматтар иманға қауышуға жәрдемшi болады. Пән ғылымы әлемдегi жүйенiң теңдiгi өздiгiнен болмағандығын және әлбетте бiр жаратушының бар екендiгiн түсiнуге, бiлуге және иман нұрына қауышуға шақыруда. Иман соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан әкелген мағлұматтарын үйрену және сену. Сену керек болған мағлұматтарға «ақылға сыйымды болса сенемiн» деу пайғамбарға сенбеу болып табылады. Дiни үкімдер ақыл иелерiнiң тапқан нәрселерi емес. Сондықтан, пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам хабар берген нәрселерді Әһли сүннет ғұламаларының кiтаптарынан үйренуіміз керек. Шынайы иман иесi болу үшiн мына шарттарға мойынсұну керек.


1.  Иман әрдайым және мықты болу керек. Бiр мезет айырылып қалуды ойымызға алмауымыз керек. Үш жылдан кейiн мұсылмандықтан шығамын деген адамның сол мезеттен бастап иманы кетiп, мұсылмандықтан шыққан болып есептеледi.

 

2.  Мүминнiң иманы, қорқу мен үмiттiң арасында болуы керек. Аллаһу та’аланың азабынан қорқу қажет. Бiрақ рахметiнен бiр мезет болсын үмiттi үзбеу керек. Күнәнi iстеуден сақтанып, иманнан ажырап қалудан қорқу керек. Сонымен қатар, қаншама көп күнә iстеген болсақ та, Аллаһтың кешiрiмдiлiгiнен еш үмiт  үзбеуіміз, күнәларымыз үшiн тәубе етуіміз керек. Өйткенi тәубе еткен адам, ешқандай күнә iстемегендей болады.

 

3. Жан (рух) алқымға келместен бұрын иман келтіру керек. Жан алқымға келгенде, ахыреттiң бүткiл хал-жағдайлары көрсетiледi. Мiне, сол уақытта күллi кәпiрлер иман етудi қалайды. Алайда иманның, сенімнің ғайыпқа болуы, яғни көрместен сену шарт. Көрiнiп тұрған нәрсеге сену иман болмайды. Бiрақ бұл кезде мұсылманның тек тәубесi ғана қабыл болады.

 

4.  Күн батыстан тумастан бұрын иман келтіру керек. Қияметтiң үлкен белгiлерiнiң бiрi - күннiң батыстан шығуы. Мұны көрген бүкiл адамдар иман келтiредi. Бiрақ бұл имандары қабыл болмайды. Бұл кезде тәубе есiктерi жабылады.

 

5.  Аллаһу та’аладан басқа ешкiмнiң де ғайыпты, жасырын болған нәрселердi бiлмейтініне сенуiмiз керек. Яғни, ғайыпты жалғыз Аллаһу та’ала бiледi. Оған қоса, Оның бiлдiргендерi ғана бiледi. Перiштелер, жындар, шайтандар тiптi пайғамбарлар да ғайыпты бiлмейдi. Бiрақ пайғамбарларға және салих құлдарына ғайыптан мағлұмат берiлуi мүмкiн.

 

6.  Дiннiң иманға және ғибадаттарға тән үкiмiн қажетсiз деп тауып бас тартуға болмайды. Ахками исламиядан, яғни исламның әмiрлері мен тыйымдарының бiрiн жеңiл көрiп, пайғамбарлардың бiрiн мазақ ету - күпiрлiк (сенбеушiлiк) болады. Аллаһу та’аланың бар екендiгiн, перiштелерді, ғұсыл мен намаздың парыз болғандығын өзгелердiң бопсалауымен қабылдамаймын деп айтқан адам кәпiр болмайды.

 

7. Ислам дiнiнiң анық бiлдiрген хабарларына еш күмән келтiрмеу қажет. Шарап және басқа да спирттi iшiмдiктердi iшудiң, құмар ойнаудың, пайызға ақша беру және алудың, пара берудiң харам болғандығына күмән ету, харам нәрсенi халал деу, халал болған нәрселерге де харам деу иманнан шығуға себеп болады.

 

8.  Иман келтiрген құл, тек Аллаһ үшiн сүюi және тек Аллаһ үшiн дұшпандық етуi керек. Яғни хубби филлаһ және буғди филлаһ шарт. Аллаһу та’аланың достары болып саналатын мұсылмандарды жақсы көруiмiз қажет. Және де Исламға қолы мен қаламымен, тағы да басқа жолдарменен дұшпандық  істегендерге біз де дұшпан болуымыз тиiс.



      Мұсылман болмаған, ғайри мұсылман болған отандастарымызға және саяхатшы өзге дін өкілдеріне жылы  жүзбен қарап жақсы мәмiледе болуымыз керек. Көркем мiнез -құлығымызбен дiнiмiзге шақыруымыз қажет. 
Иман - Ислам дiнi  көрсеткендей болуы керек. Ақылдың түсiнгендiгiне, философтардың және өзгеде білгіштердің айтқанындай сену иман болмайды.


      Пайғамбарымыз және сахабалары көрсеткен тура жолдың нағыз мұсылмандары сияқты сену керек. Тура сенiмге ие болу үшiн, әһли сүннет уал жамағат сенiмiне сай иман ету керек. Әһли сүннет ғалымдарының жазған дiн кiтаптарына мойынсұнғандарға жүз шаһидтiң сауабы берiледi. Төрт мазһабтың кез келген ғалымына «Әһли сүннет ғалымы» делiнедi. Әһли сүннет ғалымдарының басы - Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ). Бұл ғалымдар кітаптарына Сахабалардан (радыяллаһу анһум ажмаин) үйренгендерiн жазған, сахабалар да бұларға  Расулуллаһтан (алейһиссалам) есіткендерiн айтқан