Дәрет қалай алынады?

Дәрет алу – намаздың парыздарының бiрi. Құран Кәрiмдi ұстау, Қағбаны тәуап ету, тiләуат сәждесiн жасау, жаназа намазын оқу үшiн де дәрет алу қажет. Сонымен қатар үнемi дәретпен жүру, жатарда дәрет алып жату, тамақтанғанда дәреттi болу үлкен сауап болады. 

/upd/2016/0426/1461647840571ef9e05556b8.90644404.jpg

 1. Дәретті “Бисмиллаһ” деп бастау. Дәрет алатын кезде мына дұға оқылады: “Бисмиллаһил-азым. Уәлхамду лиллаһи алә динил Ислам уә алә тәуфиқул иман. Әлхамду лиллаһиллази жәаләл маә тахуран уә жәаләл исламә нуран.” Сосын екі қол бiлекке дейiн үш рет жуылады.

/upd/2016/0426/1461647860571ef9f426d651.85912134.jpg

 2. Ауызды жуу. Оң қолымен ауызды шайғанда мына дұға оқылады: “Аллаһуммасқини мин хауди нәбийкә кәсән лә азмәу бәдәһу әбәдән.” Ауызды үш рет сумен шаюды «мазмаза» деп атайды.

/upd/2016/0426/1461647886571efa0eb0ea16.78733499.jpg

 3. Мұрынды жуу. Оң қолымен мұрынға үш рет су алынып, сол қолымен сiңбiрiп мұрынды тазалайды. Мұны «истиншақ» деп атайды. Мұрынға су алғанда: “Аллаһуммә арихни рахатәл жәннәти уәр-зуқни мин ниәмиха. Уә лә турихни райихатән-нар.” 

/upd/2016/0426/1461647917571efa2daa4c80.15719275.jpg

4. Бетті жуу. Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет етіледі. Ниет ету – Ханафи мазһабында сүннет, басқа үш мазһабта парыз. Ниет ету – сол ғибадатты Аллаһу та’аланың ризалығы үшін белгілі бір мазһаб бойынша атқаруды көңiлден өткізу болып саналады. Тілмен (ауызбен) айту да жақсы болады. Алақанымен су алып, беттi жуарда мына дұға оқылады: “Аллаһумма бәйид уәжһи бинурикә яума табяадду вужуһу уәлияикә уә лә тусәввид уәжһи бизунуби яумә тәсуәдду вужухи адаикә.”

/upd/2016/0426/1461647940571efa443afeb7.50321068.jpg

5. Екі қолды шынтақпен қосып жуу. Оң қол үш рет шынтаққа дейiн жуылып жатқанда: “Аллаһумма атини китаби биямини уә һасибни һисабән ясирән” дұғасы оқылады. Сол қол үш рет шынтақпен қоса жуылып жатқанда: “Аллаһуммә лә тутини китаби би шимәли уә лә мин уәрааи захри уә лә тухасибни һисәбән шәдидән” дұғасы оқылады.

/upd/2016/0426/1461647963571efa5b965b02.19620504.jpg

 6. Басқа мәсіһ тарту. Ханафи мазһабында бастың ең аз дегенде төрттен біріне мәсіһ тартылады, Малики мазһабында бастың барлық  бөлігіне мәсiһ тартылады. Басқа мәсiһ тартып жатқанда: “Аллаһуммә һаррим шарри уә бәшәри аләннар. Уә әзилләни таһтә зилли аршикә яумә лә зиллә иллә зиллу аршикә”дұғасы оқылады.  

/upd/2016/0426/1461647988571efa746021a4.80401294.jpg

8. Құлаққа бiр рет мәсiһ тарту. Екі қолдың сұқ саусақтарымен екі құлақтың iшiн, бас бармақтармен құлақтың сыртын мәсiһ етіп жатқанда, мына дұға оқылады: “Аллаһумма әжални миналләзина ястәминал-қавлә фи яттәбиунә ахсәнәһу.” Қолдың сырт жағымен Желкені үш саусақпен бiр рет мәсiһ тартқанда: “Аллаһумма атик рақабати минәннар” дұғасы оқылады.  

/upd/2016/0426/1461648011571efa8be63888.09319405.jpg

9. Аяқты жуу. Сол қолдың кіші саусағымен оң аяқтың кiшкене бармағынан бастап, араларын тарау және аяқты тобықпен қоса үш рет жақсылап жуып жатқанда: “Аллаһумма сәббит қадамәйя әла сирати яумә тәзиллу фи-һил ақдәму” дұғасы оқылады. Ал сол аяқты бас бармақтан бастап, кiшкене бармағына қарай тарайды. Аяқты тобықпен қоса үш рет жуып жатқанда: “Аллаһумма лә татруд қадамәя алә сирати яумә татруду куллу ақдәми адаикә. Аллаһуммаж-аль саъйи мәшкуран уә зәнби мағфуран уә әмәли мақбулән уә тижарәти лән тәбурә” дұғасы оқылады.  

/upd/2016/0426/1461648028571efa9c602056.79524200.jpg

10. Дәрет алып болған соң. “Аллаһуммаж-ални минәт-тәууәәбин, уәжъални мин-әл-мутатаххирин, уәж ални мин ибадик-ас-салихин, уәж ални минәлләзина лә хавфун алейһим уә ләһум яхзанун” дұғасын оқудың сауабы көп. Дәрет дұғасын бiлмейтiндер, дәрет дұғасын оқымай-ақ дәрет алуларына болады. Бiрақ, көп ұзатпастан дұғаларды жаттап, дәрет алғанда оқулары қажет. Өйткенi мұның сауабы мол. Дәрет дұғасын бiлмейтiндер ең болмағанда әрбiр мүшенi жуған кезде Калима-и шаһадатты оқып үлкен сауапқа жетулері керек.