Балалардың өлеңдері мен әңгімелері 3-бөлім

Алда әлі армандарым көп менің

Алда әлі армандарым көп менің,
Жақсылардың тәрбиесімен көктедім.
Ата-анам жүз жасауы арманым,
Дұрыс болар,елге қызмет еткенім.
Алда әлі армандарым көп менің,
Жалқаулық пен сабырсызды шеттедім.
"Ислам" деген қасиетті мен үшін,
Арманым сол, шетін көру Меккенің.
Алда әлі армандарым көп менің,
Алынбастай асуларға беттедім.
Қалса деймін аңыз болып ауызда,
Елге елеулі журналист боп өткенім.
 

Жолдаған: Ғалбиат Тұнық
ШҚО, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы

 ***
Алма
Қызыл алма, сары алма,
Кең даламның бәрі алма.
Толтыр қабын жомарттың,
олжа болма сараңға. 

Жолдаған: Мирас Қалиев
Атырау қаласы, Исатаи ауданы

 ***

Анашым

       «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Ана бүкіл әлем үшін қадірлі, мейрімді жан. Менің анамның аты-жөні – Назира. Мен анамды сыйлаймын. Ол кісі маған көптеген нәрселерді үйретті. Мен оған үнемі көмектесемін. Ол өте мейрімді. Мен анамды жақсы көремін.

 Жолдаған: Абдикеримова Анара
 Алматы қаласы

***

Көрікті өлке

     Менің ауылым – шалғайда жатқан шежіреге толы Шалқар өңірі. Қасиет пен кие тұнған кіші құмның бойында орналасқан Қарашоқат деп аталатын бекет. Бұл өңірден талай білек күші тасыған батырлар, көмейінен жыр төгілген жыршылар, жез таңдай әншілер, қаламы қарымды ақын-жазушылар бір сөзбен айтқанда, елдің жүрегі мен жадында сақталған ұлы тұлғалар шыққан. Менің аядай ғана ауылымының жазы – ыстық, қысы – сары шұнақ аяз, боранды болып келеді. Жері-қыр емес, белес-белес қызыл шағыл құм. Халқы – мейірбан, шаруашылығы – үйір-үйір жылқы, қора толы қой бағу. Тағы бір айтатын нәрсе, Қарашоқат жерінде 1901 жылы Спандияр Көбеев атамыз мектеп ашқан. Қазіргі таңда ауылымызда орта мектеп жас ұрпаққа білім беріп келеді. Туған жерім жазылмаған жыр дастандай таусылмас қазынаға толы, бай өлке.

Жолдаған: Шудабева Айнұр
Ақтөбе қаласы

 ***
Отбасы
Ақ сүт берген анашым,
Еркелеткен әкешім,
Асыраған әжетай,
Атам менің Келдібай,
Нағашы атам Әбентай.

 Жолдаған: Келдібай Гүлбану
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті

 ***
Ұстаз
Ұстазсыз шәкірт бола алмайсың,
 Кітапсыз білім ала алмайсың.


Жолдаған: Келдібай Аружан
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті

 ***
Анашым
Жетпейді жинасамда бар асылды,
Дәл өзіңдей көрмеппін жанашырды.
Ұл-қызына қашанда қамқор болған
Бір Аллаһ, сақтай көрші анашымды!
 

Жолдаған: Келдібай Гүлбану
Қызылорда облысы,
Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті

 ***
Ой-толғау
Егер мен батыр болсам, егер мен батыр болам елім, жерімді, Отанымды қорғауға тырысар едім. Сол үшін айналаға мейірмділігімді танытқым келеді. Батыр болсам, басымды қатерге тігер едім. Мен батыр болсам осылай істер едім.
 

Жолдаған: Арыстанбекова Ләйлә
Қызылорда облысы,
Жаңақарған ауданы,
Аққұм ауылы

 ***
Бұл заманда не ғаріп?
Бұл заманда не ғаріп?
Ақылсыз болса, Жас ғаріп.
Түйірсіз болса, Ұл ғаріп.
Ұқыпсыз болса, Қыз ғаріп.
Жиналмаған, Үй ғаріп.
Жайқалмаған, Гүл ғаріп.
Сайрамаған, Құс ғаріп.
Қадірі жоқ Қария ғаріп.
Ынтымағы жоқ, Ел ғаріп.
 

Жолдаған: Құттымұратова Гүлнұр
Арал қаласы

 
***
Кім боламын мен ертең?
Ән қып айтар әр сөзін,
Ақын болғым келеді.
Туған жерді қорғайтын,
Батыр болғым келеді
Науқастарды емдейтін,
Дәрігер болғым келеді.
 Балаға бәрін үйретер,
Мұғалім болғым келеді
Қылқаламның шебері.

Жолдаған: Құттымұратова Гүлнұр
Арал қаласы

***

 Мен сүйген Шоқан!

        Сіздің ойлы да, өткір жанарыңызға қарап отырмын. Сол жанарыңыздың ішінде не жасырынып жатыр, айтыңызшы!!! Туған елге деген махаббат па, əлде қараңғы қазақты ойлаған жігерлі үміт пе? "Қазағымды алға сүйреймін" деп шарасыздан шарқ ұрып жүрсіз бе? Мен сізге қарап отырмын, жауап күтудемін. Сіз үнсізсіз. Жауап жоқ. Жанарыңызда неге үміт пен мұң араласып жүр? Шаршадыңызба? Жігеріңіз құм болды ма? Арқалаған арман мен мұратыңыз тəлкекке ұшырады ма? Сансыз сұрақ. Тағы да жауап жоқ. Жауабын айтпай-ақ қойыңыз. Мен сіздің ішкі ойыңызды түсіндім, ұққандаймын бірдеңе. Санамды санасыз сұрақтар сан-салаға бөлуде. Сұрақтарымның жауабын білсем де, өзім түсінер емеспін. Сіз осындасызба? Қайдасыз өзі? Жалындаған жарқын бейнеңізге қарағаныммен сізді іздеп отырмын. Қай жерден? Білмеймін. Алдымдағы көнетөз кітап ішінен сіз маған қарайсыз...  Əлде басқа жаққа қарап тұрсыз ба? Ия, басқа жаққа. Мен сүріп жатқан əлемге,  қоғамға қарайсыз ғой, ия? "Қазағым қандай күйде, қалай өмір сүріп жатсыздар? " дегіңіз келе ме? Сізде де сұрақ, менде де сұрақ. Сұрақтар... 
        Сіздің менің қоғамымда əлі де өмір сүріп жүргеніңізді сеземін. Сеземін және сенемін. Сіз жалындап жүрсіз, жарқырап жүрсіз сол кездегідей. Үмітіңіз бен армандарыңызға сенесіз. Мақсаттарыңыздың орындалуын асыға күтіп, еңбектенудесіз. Сіз қазір қайдасыз? Мен көруге құмартқан, ғашық болған Шоқан, сіз қазір қайдасыз?

Жолдаған: Тиникулова Жанар
Жаңаөзен

 ***
Ұстаз
Ұстаз деген ұлағатқа бас идім,
Білім беріп ұлы адам ғып өсірген
 Мына әлемнің қыр сырын үйретіп,
Құлшындырған бұл өмірге
Алғыс айтам Қалжан ұстаз мен сізге!
 

Жолдаған: Хамидоллаева Нұрлыгүл
Атырау облысы,
Индер ауданы,
Есбол селосы

 ***
Ұстазым
Ұстазым менің, қамқоршы анамдайсың,
Бар білімді шәкірттен аянбайсың.
Білсін, көрсін, үйренсін деп әрқашан,
 Оқушыға балаңдай бір қарайлайсың.
Алғыс айтам бір өзіңе мәңгілік,
Жүрегімде атың тұрар жаңғырып.
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қашанда жырға қосам ән қылып.
Ұстаз жайлы жазылмаған жыр бар ма?
 Ұстаз жайлы шырқалмаған ән бар ма?
Бар бақыт тек ұстаздан деп білетін,
Мәңгілікке сыйлап өтер жан бар ма?

Жолдаған: Жанарбек Жадыра
 Алматы қаласы

***
Өтірік өлең
Мініп алып лаққа,
    Бардым бұлаққа.    
Көрдім сонда мен алғаш
Балықты кітап оқыған.
Сосын көрдім аюды
Балықтар жинап ап сабақ беріп отырған.


Жолдаған: Өтепберген Наргиз 11 жас
Қызылорда қаласы

***

Қошақаным
Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
 

Жолдаған: Назерке 6 жас
Құлсары 

***
Ұстазым
Қалам алып, қолыма,
Жазуды сізден үйрендім.
Өзіңіз берген білімді,
Келе берер үйренгім.

Жолдаған: Тілеужанов Тілеген 7 жас
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
С. Оразалин атындағы орта мектебі
 

***
 Асқар мен Бекзат

          Ақтау қаласына Бекзат деген бала көшіп келді. Ол Асқардың көршісі еді . Екеуі бір сыныпта оқитын болып шықты. Асқар басында Бекзатты жақтыртпады. Бірақ ол Бекзаттың ақылды, мейрімді, ақ көңіл екенін көргенде, онымен дос болғысы келді. Бекзат онымен дос болды. Олар үйлеріне бірге қайтатын болды. Мұғалім оларға «Өз армандарыңды жазып келіңдер», деп тапсырма берді. Келесі күні олар өз армандарын айтады. Асқар мен Бекзаттың арманы бірдей болып шығады. Екеуі де ұшқыш болуды армандайды жəне сол армандарына жетеді. Екеуі ешқашан айрылмай бірге жүреді.

Жолдаған: Арай
Ақтау қаласы

***
 Ана тілім
Сенің әр бір тынысың мен күн кешем,
Мен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын
Ана тілім егер сені білмесем.
 

Жолдаған: Құрымбаева Мариям
Алматы қаласы

***

Шындықты сөйлейтін бала

       Ертеде Алишер деген бала өмір сүріпті. Ол тек шындықты сөйлейді екен. Сондықтан оны мұғалім де оқушыларда құрмет қылады екен. Ол бір күні мектепте доп ойнап жүріп мектептің айнасын сындырып алды. Сабақ басталды. Мұғалім терезені көріп: мынаны кім істеді? деп сұрады. Сонда Алишер тұрып:
- Апай оны мен сындырдым. Қандай жаза қолдансаңызда өзіңіз біліңіз,- деді. Апай орнынан тұрып:
- Жоқ, мен сені жазаламаймын. Өйткені сен шындықты айттың,- деді. Балалар сол үшін бізде тек шындықты айтайық!


Жолдаған: Сүлеймен Надыра 13 жас
Түркістан қаласы, Шобанақ ауылы

***

 Дәурен

         Дәурен жақсы бала еді, сабақты да беске оқитын. Талай жарыстарға қатысып, 1 орын алатын. Мұғалімі оны мақтан тұтатын. Бір күні Дәурен мектептен қайтып келе жатып, зуылдаған көліктердің арасынан қарсы жолға шыға алмай тұрған әжейді көрді. Әжейдің қолында сатып алған азық түлігі де бар екен. Жүргізушілер әжейді көріп тұр, бірақ, сонда да оған жолдан өтуге мұрша бермейді. Дәурен бұны көріп, іштей әлгі жүргізушілерге мұңайып тұрды. Ол әжейге көмектескісі келіп:
      - Әже, маған сөмкелеріңізді беріңіз, қолымнан ұстаңыз, жолдан өткізіп жіберейін, - деді. Әжей қуанып, сөмкелерін Дәуренге берді. Дәурен әжейді жолдан өткізіп жіберді. Әжей оған риза болды.
     - Рахмет саған, балам, ризамын. Өркенің өссін! Атың кім, нешедесің?
     - Атым Дәурен. 10 жастамын.
     - Бәрекелді, балам. Жастан жасқа тола бер, талай адамға осылай жақсылығыңды тигізе бер. Осы жерде тұрғаныма біраз болды. Сенен бірнеше жасқа, тіпті он жасқа үлкен адамдар өтіп барады. Бірақ бір біреуі де Әже, сізге көмек керек пе? деген жоқ. Ал сен болсаң, нағыз тәртіпті бала екенсің!

Жолдаған: Мұхтарова Әсемгүл
Атырау қаласы

***

 Ана тілі
Ана тілім әрекетім азығым,
Бар ғаламды тануымның қазығы,
Ой санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың киінгіге әз үні.


Жолдаған: Аманжол Аида
Таукент

***
 Ақылды бала Қайсар

        Қайсар атасының 3 жасар тентек немересі екен. Ол атасының сақалымен ойнап, құлағын тартып ойнағанды жақсы көреді. Атасы да Қайсардың барлық еркелігін көтереді. Бір күні атасы көзілдірігін таба алмай қалады. Үш жасар Қайсар атасының көзілдірігін табуға тырысып үйдің бәрін шашып тастайды. Ақыры көзілдірікті тауып атасына әкеліп береді. Атасы мәз болады. Қайсар атасына:
      - Ата енді үйді екеуміз жинап тастайық,әйтпесе анам ашуланады ғой дейді. Атасы немересінің бұл сөзін естіп қуанып қалады.

Жолдаған: Қазбағанбетова Жангүл
Ақтөбе қаласы

***

Бозторғай

Бозторғай зорлық көріп тұрымтайдан,
Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан.
Болыпты мұңын шақпақ, зарын айтпақ,
Қырғиды жолықтырып көрсе қайдан.

Жолдаған: Ізбасар Әсем 12 жас
Ақтөбе қаласы

*** 

 Анашым

       Менің осы жарық дүниеге келуіме себепкер болған кісі ол - Анашым. Мен ғана емес жер бетін басып жүрген адамзаттар ана арқылы дүниеге келген. Ғалым, неше ата мамандық иелері, тіпті елбасы аяулы ана құрсағынан пайда болған. Мен ғана емес барша адам өз апасын жақсы көреді. Мені тәрбелеп мені оқытып жақсы мінезге алып шықты. Осы дүниедегі аналарға мың алғыс!!!

Жолдаған: Абдикалык Ақнұр 10 жас
Қызылорда қаласы

 ***
Ұстазымыз Мақпал апай
Ұстазымыз Мақпал апай, ғажап адам!
Беретін сабағына, бей-жәй қарамаған!
Жақсы оқығандарды, беспенен бағалаған!
Оқымағандарды, екіменен жазалаған!
Жазу-сызуды үйретуден жалықпаған,
еңбекқорлық қасиеті ұнайды маған!
Шәкіртінің болашағына алаңдаған!
Мақпал апайдай ұстазымыз, болсын аман!
 

Жолдаған: Жұлдыз Бердалы 22 жас
Шымкент қаласы