Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр?
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты? Патша тұтқынды неліктен босатқан?
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
Бір пілдің үстінде 100 құмырсқа бар екен. Піл сілкініп қалғанда құмырсқалардың біреуі ғана қалып қалғандары жерге құлап түсіпті. Төмендегі құмырсқалар пілдің үстіндегі құмырсқаға қарап не деп айтқан?
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
Есікті ашу үшін не қажет?
Теңіздің ортасында не бар?
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не?
Адам нені бұзғанда қуанады?
39 рет “тақ”, 1 рет “тик” деп дыбыс шығаратын не?