Әзілің жарасса;
Атаңмен ойна.
Ауру қалса да,
Әдет қалмайды.
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
Өлімнен ұят күшті.
Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
Соңғы көш сонан жүрер.
Қарағайға қарап тал өсер,
Құрбысына қарап бала өсер.
Су ішкен құдығыңа түкірме!
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
Келінім, саған айтам,
Қызым, сен тыңда.
Сабыр түбі сары алтын.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
Сыны кетпейді.
Бала тәрбиесі бесіктен.
Ұлық болсаң — кішік бол.
Жүзден - жүйрік,
Мыңнан - тұлпар.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.