Хазірет Юсуф пен бауыры Бунямин аналарынан айрылғаннан кейін әкелері хазіреті Яқуб (Жақып) оларға басқа ұлдарынан да көп көңіл бөле бастайды. Ағалары бұл халді көріп, қызғаныштан жарыла жаздайды.
Бір күні Юсуф ғажайып бір түс көреді. Түсінде он бір жұлдыз және Ай мен Күн оған сәжде етіп, бас иіп тұр екен. Оянған соң бұл түсті әкесіне айтып