Хазіреті Әбу Хафс Хаддад (рахметуллаһи алейһ) үлкен әулиелердің бірі. Хақ жолына түскені былай айтылады: Бір күңді жақсы көріп қалған еді, оған қол жеткізуді қатты армандайтын және мұның жолдарын іздеп жүретін. Оған: «Сенің дертіңе дауа табатын бір яһуди сиқыршы бар, сен соған бар» деп кеңес беріледі. Әбу Хафс уақыт жоғалтпастан дереу сиқыршыға барады. Дуагер яһуди оған: «Бүкіл