Мұсылмандар Мәдинаға хижрет еткен кезде ауыз су мәселесі қиындау болған еді. Құдық көп болатын. Бірақ, сулары онша жақсы емес-ті. Руме деген құдықтың суы өте керемет еді. Бұл құдық бір яһудидің құдығы болатын. Яһуди мұсылмандарды қинау үшін құдықтан әрдайым су бере бермейтін. Берген күнде де қымбат бағаға сататын, сондықтан барлық адам ала алмайтын және кедей мұсылмандар