мұсылман

Шынайы мұсылман қандай болады

      Шынайы мұсылман – жанұясын, отанын және туын сүйеді. Адамдармен жұмсақ мәміледе болады және бәріне қолынан келгенше көмектеседі. Үлкендерді, әке-шешесін құрметтейді, жастарға ізет қылып, қамқор болады. Ешкімді ренжітпейді, көңілін қалдырмайды. Тазалыққа аса мән береді. Жеген, ішкендері, денесі және айналасы әрқашан таза болады. Шынайы мұсылман өзінің құл екенін біледі және құлдық міндеттерін толық орындауға тырысады. Еш өлмейтіндей дүние үшін және ертең өлетіндей ахирет үшін еңбек етеді. 

Жалғасын оқу

Табытымды кім көтере алса, Маруф солардан болғаны

Аллаһ достарынан болған хазіреті Маруф Кәрхи «рахметуллаһи алейһ» өмірінде мұсылман, мұсылман емес деп ешкімді бөлместен бәріне жақсылық жасайтын. Сол себепті қайтыс болғанын естіген бүкіл мұсылман емес адамдар да жаназасына жиналып: «Маруф Кәрхи бізден еді» деп жаназаны өздерінің мазарларына апарғысы келеді. Бірақ, бұған мұсылмандар разы болмайды.

Жалғасын оқу