Күнә жасағанда дереу артынша көңілмен (жүрекпен) тәубе ету және тілмен истиғфар айту керек! Тәубе – харам нәрсе істегеннен кейін өкініп, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Истиғфар – күнәның кешірілуін тілеу “Әстағфируллаһ” деп айту дегенді білдіреді. Әстағфируллаһ – Аллаһым, күнәларымды кешіре гөр деген сөз.