Имам Бұхари (810-870) – хадис ғалымдарының ең үстемі және әулие. Құран кәрімнен кейінгі ең құнды кітап саналатын «Сахих Бұхари» (Жами ус-Сахих) атты мәшхүр хадис кітабын жазған ұлы ислам ғалымы. Есімі Мұхаммед бин Исмаил бин Ибраһим бин Мугире бин Бердизбех әл-Жафи әл-Бұхари. Күниесі (лақабы) Әбу Абдуллаһ.