Аллаһ достарынан болған хазіреті Маруф Кәрхи «рахметуллаһи алейһ» өмірінде мұсылман, мұсылман емес деп ешкімді бөлместен бәріне жақсылық жасайтын. Сол себепті қайтыс болғанын естіген бүкіл мұсылман емес адамдар да жаназасына жиналып: «Маруф Кәрхи бізден еді» деп жаназаны өздерінің мазарларына апарғысы келеді. Бірақ, бұған мұсылмандар разы болмайды.