Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.
Бір дәруіш ұзақ жол жүріп бір ауылға келеді. Алдынан шыққандардан қонақтайтын мекен сұрайды. Сонда ауылдықтар Садық деген байға баруын айтады. Дәруіш келе жатып, бірнеше ауылдарға жолығады. Олардың сөздерінен сол жердің ең бай адамы Садық және одан кейінгі бай Шәкір екенін ұғады.