Жасыл білезік

Бізге қажетті құралдар:
- Жасыл бисер.
- Ақ моншақ.
- Бисерге арналған жіп және 2 ине.
- Білезікке арналған түймелік қажет.
 Білезіктің ұзындығы алған жібімізге байланысты. Бұл білезік 2 ине арқылы тоқылады. Алдымен жіптің екі ұшын 2 инеден өткізіп аламыз. 1 инемізге 3 бисер, 1 моншақ, 7 бисер, 1 моншақ өткізіп аламыз. (3 бисер + 1 моншақ + 7 бисер + 1 моншақ)  осыларды жіптің ортасына апарамыз. 

/upd/2014/0222/139305202453084978c67d88.33307465.jpg 
  Бір инемізді  2 моншақ арасындағы 7 бисердің ортасындағы бисерден өткіземіз. 
/upd/2014/0222/139305226653084a6ab7ab32.48574840.jpg 
 Жіпті тартамыз.
 
/upd/2014/0222/139305230053084a8c6e93c3.37087941.jpg 
 Дәл сол инемізге тағы 3 бисер өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305233353084aad049ea5.73809801.jpg 
 Ал  екінші инемізді әлгі үш бисердің ең соңғысынан өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305235753084ac54f8e03.74645538.jpg  
 Жіпті тартамыз.
 
/upd/2014/0222/139305237153084ad31f50a6.31319524.jpg 
 Дәл сол инемізге 5 бисер өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305239553084aeb17c333.59193088.jpg  
Сол инені сүретте көрсетілген бисерге өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305241153084afb531888.14165518.jpg 
Жіпті тартамыз, мынадай көрініс пайда болады.
 
/upd/2014/0222/139305244653084b1ebf91f7.48265097.jpg  
Дәл сол инемізгі 1 моншақ, 3 бисер өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305246053084b2c9d13b1.43718060.jpg 
Сосын сол инені әлгі 5 бисердің ортасындағы бисерден өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305247653084b3c245ac2.54668125.jpg  
Қолымыздағы инемізге 3 бисер  өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305249453084b4ee8e893.88825210.jpg 
 Ал бірінші инемізге 1 моншақ өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305250853084b5c1ed837.64446843.jpg 
 Дәл сол инені ең соңғы  бисерден өткіземіз.
 
/upd/2014/0222/139305252253084b6a003d50.65310248.jpg  
Жіпті тартамыз.
 
/upd/2014/0222/139305253353084b75f25498.14241351.jpg  
Дәл осы жағдайды қайталай отырып, өзімізге керекті ұзындықты жасап аламыз. Бірақ әр жіпті тартқанда жақсылап тартып отыру қажет. Өйткені аралары ашық болмауы керек.
 
/upd/2014/0222/139305255253084b88144538.24148527.jpg 
 Ал енді білезікке түймеліктерді жақсылап қадаймыз.
 
/upd/2014/0222/139305256453084b944a6459.23936297.jpg  
Білезігіңіз дайын. Іске сәттілік.
/upd/2014/0222/139305260753084bbf6044f7.00814465.jpg 
Дереккөз: http://mirbisera.blogspot.com/